Сеулдегі көрмеде камикадзе дрондары қойылды

Сеулдегі көрмеде камикадзе дрондары қойылды
Сурет: Sila-rf.ru

Айрықша көрме

Сеулдегі көрмеде камикадзе дрондар жұрт назарына ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жасанды иттер мен шаяндар, тіпті камикадзе дрондар. Мұндай ерекше экспонаттар Сеулдегі пилотсыз қондырғылар көрмесінде көрсетілді. Ұйымдастырушылар дрондарға ерекше назар аударды. Өйткені олар барлық салада қолданылып, Оңтүстік Корея әскерлерінің негізгі қаруына айналды. 

Мына робот-иттің қарым-қабілеті жаман емес. Қос көздің орнына орнатылған сенсорлы камералар алуан түрлі кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Алайда оның қуаты небәрі 1 сағатқа шақталған. Мұндай құлтемірдің құны - 8 жарым мың доллар.

Бірақ бірегей роботты саудаға тек 5 жылдан кейін шығару жоспарланып отыр.

«Бұл роботты құрылыста да қолдануға болады. Егер қандай да бір қызметкер коронавирус жұқтырса немесе оның дене қызуы көтерілсе, мынау құлтемір температураны анықтап, дыбыс шығарады. Ал егер зауытта оқыс жағдай болып, адам ғимаратқа кіре алмай жатса, тағы осы иттің көмегіне сүйенуге болады», - деді  компания өкілі Чон Хи Соп.

Салмағы бір тоннадай болатын мына шаян тәріздес робот болса, мұхитта 6 мың метр тереңдікке дейін түсе алады. Судың түбін суретке түсіріп бақылау жүргізеді.