Серікқали Брекешев елімізде АЭС салуға қатысты пікірін айтты

Серікқали Брекешев елімізде АЭС салуға қатысты  пікірін айтты
Сурет: Тoplost.ru

АЭС жайы не болмақ?

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

«АЭС бойынша жобалық-сметалық құжаттама түскен кезде қоршаған ортаға әсерін бағалау бағытындағы экологиялық сараптама жүргізіп барып өз пікірімізді ресми жариялаймыз. АЭС салу жобасы қолымызға тигеннен кейін ғана ресми ұстанымымызды білдіреміз», - деді министр брифинг барысында.

Осы жиында Экология министрі Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді.

«Бүгін сағат 12.00-де Экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы «ТМК» АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін Экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады», - деді Серікқали Брекешев.