Серік Жұманғарин Қытайдың бизнес алыптарымен кездесті

Серік Жұманғарин Қытайдың бизнес алыптарымен кездесті Сурет: primeminister.kz

E-commerce, құрылыс, азық-түлік, медициналық нысандар және фармацевтика – Бейжіңде 2023 жылғы 16 тамызда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осы бағыттар бойынша бизнес алыптарымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бірінші кездесу Jingdong Group (JD Group) корпорациясының вице-президенті Ларри Лимен өтті. Өткен жылы компания Global Fortune 500 әлемдік рейтингінде 46-орынға ие болды. Интернет алаңда JD.com Amazon және Alibaba-мен бірге әлемдегі ең танымал және ең алпауыттардың бірі болып табылады. 



Серік Жұманғарин кездесуде электрондық коммерция әлемдік сауданың болашағы екенін атап өтті. «Бізде 40 жасқа толмаған адамдардың 85%-дан астамы бүгінде заттарды онлайн сатып алатыны туралы зерттеулер бар. Қазақстанда электрондық сауданың үлесі бөлшек ішкі сауданың шамамен 13%-ды құрайды, 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. JD.com бизнесті жүргізуді жеңілдетуге ықпал етеді, шағын және орта кәсіпорындардың, тұтынушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бұл біз үшін өте қызықты, шағын және орта бизнеске цифрлық экономиканың артықшылықтарын пайдалануға көмектесу біздің жұмысымыздың құрамдас бөліктерінің бірі», — деді вице-премьер.  Өз кезегінде Ларри Ли қазақстандық ұн мен кептірілген түйе сүті сұранысқа ие екенін және JD.com сайтында белсенді саудаланатынын атап өтті. 



Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Қазпочта» АҚ өкілдерімен логистика мен тауарларды жеткізу жүйесін құру бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті. CITIC Group – қаржы-банктік қызметпен, сақтандырумен, экономиканың өнеркәсіптік және құрылыс секторларына инвестициялаумен, энергетикамен, минералды ресурстарды игерумен, машина жасаумен, көлік және телекоммуникациямен, жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі мемлекеттік конгломерат.  Кездесуде тараптар Қазақстандағы ауыл шаруашылығына инвестиция құю мүмкіндіктерін талқылады. Тао Ян атап өткендей, CITIC конгломераты қазақстандық мал өсіру қауымдастығымен тығыз байланыста. 


Қазақстанның вице-премьері CITIC CONSTRUCTION президентіне ауыл шаруашылығына қатысты инвестициялардың бірнеше бағытын қарауды ұсынды.



«Қазақстан аумағында тері мен жүнді қайта өңдеу, сүт, құс өсіру өндірістері жетіспейді. Осы салаларға, суару жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. ҚР Үкіметі жобаларды сәтті іске асыруға жәрдемдесуге дайын, өйткені CITIC Group Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі», — деді Серік Жұманғарин.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04