Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болды

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болды
Сурет: Gov.kz

Президент Жарлығымен әкім болып тағайындалды.

Президенттің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын», - делінген Президент Жарлығында.

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде туған.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.

Еңбек жолы: 2000 жылы - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.

2001 жылы - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.

2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы.

2006 жылдың наурызынан - БҚО ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.

2007 жылдың қаңтарынан - БҚО ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.

2007 жылдың қазанынан - БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.

2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы. 

2014 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі, Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020).

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2020-2021).

2021 жылдың қаңтар айынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет атқарды.