Серік Күдебаев ҚР Ішкі істер органдарынан кетті

Серік Күдебаев ҚР Ішкі істер органдарынан кетті
inform.kz

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

"Биыл ақпанда оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойылды", – деп жазылған ІІМ баспасөз қызметінің "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне берген мәліметінде.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы наурызда Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы байланысты полиция департаменті мен ҰҚК басшыларына қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған еді.

"5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы полиция департаменттері мен ҰҚК үш департаментінің басшылары жұмыс орнынан кетіп қалған, әрі олар онда қару қалдырғаны анықталды. Бұл фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды", – деді Берік Асылов.

Серік Күдебаев Алматы облыстық полициясын 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап басқарды.

Ол 1965 жылы туған, ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.

2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді.

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.

.