Серік Дүйсенбаев: Жолдау - жарқын болашаққа батыл қадам

Серік Дүйсенбаев: Жолдау - жарқын болашаққа батыл қадам Сурет: Kyzylorda-news.kz

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Серік Дүйсенбаев қыркүйектің алғашқы күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап бергенін айтады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Kyzylorda-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін аса маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.


Қандай заман, қай қоғам болмасын білім алуды ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам - білімді жастардың қоғамы. Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды. Сонымен қатар Президентіміз «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырып, мектепке дейінгі білім беретін ұстаздардың еңбекақысын көтеру қажеттігін атап өтті.


Бұл Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір күн немесе бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан жаңа реформалы мемлекетке айналатынын, Парламент пен мәслихаттар жұмысы жүйеленетінін атап өтті. Сондай-ақ, Президент сот жүйесін жаңартып, реформалау қажеттігін қадап айтты. Және де құқық саласында адал, әділетті әрі жемқорлықтан ада мамандарды тартып, халықтың сеніміне ие болу тұсын басты назарға алу керектігін тілге тиек етті.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады. Жолдауда айқындалған бағыттар өңіріміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Сондықтан да қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, зор ынтамен іске кірісуіміз қажет.


Ендеше елдің ертеңіне алаңдаған ел президентінің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуына біз де бірлесе атсалысайық!


Жаңа Қазақстанға, Әділетті Қазақстанға нық қадаммен аяқ басайық!», - дейді Серік Дүйсенбаев.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09