Сергей Пономарев: Партияның атын өзгерту – жаңа тарихтың бастауы деген сөз

Сергей Пономарев: Партияның атын өзгерту – жаңа тарихтың бастауы деген сөз
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Биліктегі Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі оның атауын өзгертуге дауыс берді.

Тәуелсіз қазақстандық журналист Сергей Пономарев "Партияның атын «Аманат» деп өзгерту - жаңа тарихтың басы деген сөз" екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінгі партия съезі мені қатты қуантты. Оның «Аманат» деп өзгертілуі жаңа тарихтың бастауын білдіреді. Мен партияның құрамы айтарлықтай жасарғанына қуаныштымын. Онда шынымен тыңдалатын қоғамдық пікір айта алатын көшбасшылар көбірек. Ең бастысы, олар популист болып кетпесе болды. Менің ойымша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған барлық өзгерістер билік партиясы үшін жаңа леп, жаңа өмірдің бастауы болады», - деді Пономарев.

Спикердің айтуынша, бұл өзгерістердің барлығы елге, халыққа пайдалы. Трансформациялардан кейін партияның саны азаяды, бірақ оның ішінде халық үшін шын мәнінде жұмыс істеуге дайын адамдар ғана қалады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінің қазақ тіліндегі мәтінін мына жерден оқуға болады.