Сергей Огай: Ұлтымызға қарамастан, біз бәріміз - Ұлы даланың перзенттеріміз, Қазақстан азаматтарымыз

Сергей Огай: Ұлтымызға қарамастан, біз бәріміз - Ұлы даланың перзенттеріміз, Қазақстан азаматтарымыз
Сурет:Almaty-akshamy.kz

Астанада Президент Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті.

Қазақстанда ұлтаралық қақтығыстар жоқ. Бұл туралы ҚХА-ның ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде оның мүшесі Сергей Огай ұлтаралық келісімді нығайту мәселелеріне тоқталып өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Ұлттық тегіне қарамастан, біз бәріміз - Ұлы даланың перзенттеріміз, Қазақстан азаматтарымыз. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мәселесіне келсек, 2021 жылдан бері 150 мыңнан астам азаматқа 1,3 миллиард теңгеден астам көмек көрсетілді», - деді ҚХА мүшесі.

Бұл жайында Мемлекет басшысы да өз сөзінде атап өткен еді. Президент Тоқаев: «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз», - деген болатын.

«Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз. Партияларға дауыс бергенде, жаңа саяси жағдайда бейбітшілік пен келісімді және халықтың бірлігін кім аса маңызды деп санаса, соған басымдық беріледі», – деді Мемлекет басшысы.

Спикердің айтуынша, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы Мемлекет басшысының тарихи шыққан елдердің серіктестерімен бірлескен кәсіпорындарды дамыту туралы ұсынысын қолдады. Осылайша, корейлер қауымдастығы жаңа технологияларды тарту мақсатында Оңтүстік Кореямен жұмыс істейтін «Инвестикс» компаниясын құрды. 

«Ассамблеяда этноорталықтарға әлеуметтік маңызы бар халықтық жобаларды дамытуға көмектесетін жобалық кеңсе құруды ұсынамын», - деп түйіндеді сөзін Сергей Огай.

Естеріңізге сала кетсек, 29 сәуір күні Қазақстан астанасында Президент Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткен болатын.