Сергей Морозов UFC-де екінші рет жеңілді

Сергей Морозов UFC-де екінші рет жеңілді
Cурет: Prosports.kz

Отандасымыз екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңілді

Қазақстандық файтер Сергей Морозов (17-6) UFC турниріндегі жекпе-жегінде тағы да жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Морозов UFC турниріндегі екінші жекпе-жегінде мерзімінен бұрын ұтылды. Хьюстонда (АҚШ) өткен UFC 271 турнирінде Морозов бразилиялық Дуглас Силва де Андрадемен (28-4) кездесіп, екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңілді.

Еске салайық, Сергейдің UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы дәл осылай аяқталды (13-0). Осылайша, қазір Морозовтың UFC-дегі рекорды 1-2.

Жалпы, ММА-дағы мансабында Сергей Морозов алты рет жеңілген.