«Сергек» камераларының көмегімен 500 мың құқықбұзушылық анықталды

«Сергек» камераларының көмегімен 500 мың құқықбұзушылық анықталды
Сурет: Profit.kz

1 231 қылмыстың беті ашылған.

Кейінгі 6 ай ішінде «Сергек» камераларының көмегімен елордада 500 мың құқықбұзушылық анықталған. Бұл деректерді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығының бөлім басшысы Лариса Чирва келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері бейнебақылау камералары арқылы 1 231 қылмыстың беті ашылып, 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар меткепке қойылған камералар көмегімен нормаға сәйкес келмейтін 105 факті анықталды. Профилактикалық жұмыс жүргізу үшін деректер білім басқармасына жіберілді. Ал жыл басынан бері «Сергек» камералары арқылы елордада 500 мың құқықбұзушылық анықталды», - деді Лариса Чирва.

Айта кетсек, елорда аумағында 13 мыңнан астам «Сергек» камералары қойылған.