Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері: ҚИЫНДЫҚТАРДЫ БІРГЕ ЕҢСЕРЕМІЗ  

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері: ҚИЫНДЫҚТАРДЫ БІРГЕ ЕҢСЕРЕМІЗ   
Almaty-akshamy.kz

Бақытжан Сағынтаевтың зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және қаламыздың одан әрі дамуы жөніндегі қалалық актив отырысын өткізуі барлық алматылықтардың еңсесін бір көтеріп тастады.

Әкім қаламыздың қандай шығындарға тап болғаны жайында толық, жан-жақты мәлімет берді және қиындыққа тап болған халқымыздың хал-жағдайын, әсем Алматымызды қалпына келтіру бойынша нақты жоспарларын ортаға салды. Ісіңізге тек сәттілік болсын! Қай салада болмасын, қиындық жетерлік. Ең ауыр кезең басымыздан өтті, бәлекет сонымен кетсін деп тілейік.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Ерлігімізді, бірлігімізді көрсететін кез болып тұр. Адалдық, сабырлылық, сенімділік жолдасымыз болсын деп тілеймін! Біз қиындықтарды бірге еңсереміз! Елдің тыныштығы, амандығы, ұрпақтарымыздың алаңсыз өмір сүруі бәрінен қымбат.

Алматылықтардың өз үлесін қосатындықтарына, осы қиындықтарды қала басшылығымен бірге шешетіндіктеріне сенемін.