Сербияда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды

Сербияда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пошта маркасы шығарылды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Мерейтойлық шығарылым конверттен және пошта блогынан тұрады

Сербияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай естелік пошта маркасы шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, мерейтойлық шығарылым конверттен және пошта блогынан тұрады.

Конвертте Белградтағы Қалемегдан бекінісінде орналасқан Жеңімпазға ескерткіш және Нұр-Сұлтанда орналасқан еліміздің тәуелсіздігін айшықтайтын «Қазақ Елі» монументі бейнеленген.

Пошта блогында екі елдің астаналары, сондай-ақ Қазақстанның (Үлкен Алматы көлі мен Шарын шатқалы) және Сербияның (Увац өзені мен Джаволь Варош жартастары) әсем көріністері бейнеленген.