Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды
Сурет: Inform.kz

Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты.

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

"Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ. Сонымен қатар пациентке "жедел жәрдемнің" 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда, одан нәтиже болмады", – делінген хабарламада.