Сенат құрамы 80 пайызға жаңарды

Сенат құрамы 80 пайызға жаңарды
almaty-akshamy.kz

ҚР Парламенті Сенатының жаңа құрамына үш әйел кірді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Костантин Петров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Сайланған 20 депутаттың үшеуі – әйел, 17-сі ер адам. Орташа жасы – 53,8 жас. Сайланған барлық 20 депутаттың да ұлты қазақ», - деді Константин Петров бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Сонымен қатар ол жаңа сайланған депутаттардың бұған дейін қандай қызметте істегендіктерін де атап өтті.

«Сайланған депутаттардың ішінде Сенаттың қазіргі төрт депутаты, облыстық мәслихаттардың бес хатшысы, облыс әкімдерінің төрт орынбасары, екі аудан әкімі, орталық мемлекеттік органдардың екі қызметкері, бір оқу орнының басшысы, бір облыстық басқарманың басшысы және акционерлік қоғамның бір өкілі бар. 20 мандатпен Сенат құрамының жаңаруы 80 пайызды құрайды», - деді ОСК төрағасының орынбасары.