Семсерлесуден өткен Қазақстан чемпионатында алматылық спортшылар жеңіске жетті

Семсерлесуден өткен Қазақстан чемпионатында алматылық спортшылар жеңіске жетті
Сурет: Almaty-akshamy

Алматылық спортшылар алтын медаль алды.

24 маусымда Петропавл қаласында семсерлесуден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Аталмыш шараға 50-ге жуық жасөспірім спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстанның бірнее өңірінен келген спортшылар арасында алматылықтар топ жарып, жеңіске жетті.

«Бұл спорт түрі адамның ептілігін шыңдап, жылдамдығын арттырады. Тез шешім қабылдау қасиетін дамытады. Сол себептен бұл спорт түрі біздің елімізде кеңінен тараса деп еңбектеніп жүрміз», - дейді алматылық бапкер Ильнұр Ғабитов.