Семсерлесуден Қазақстан құрамасы сенсация жасады

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы сенсация жасады
Сурет: Olympic.kz

Командалық жарыста спортшыларымыз қарсылас шақ келтірмеді.

Семсерлесуден Қазақстан командасы Стамбулда (Түркия) әлем кубогының кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жартылай финалда біздің спортшылар Испаниядан мықты болды (45:32). Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, алтын медаль үшін тартысты бәсекеде нидерландлықтардан басым түсті. Есеп 34:20.

Жарыста 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.

Турнирде команданы Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай таныстырды.