Семіздікке ұшыраған балалар жас қосқан сайын қант диабетіне шалдығады

Семіздікке ұшыраған балалар жас қосқан сайын қант диабетіне шалдығады
Сурет: Inform.kz

Елімізде  әрбір бесінші бала семіздікке ұшыраған

Соңғы зерттеу бойынша 6 мен 9 жас аралығындағы балалардың 20,6% артық салмақтың, ал 6,6% семіздіктің зардабын тартып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сүйенсек,  балалардың тек 30%  спортпен айналысады. Бұл өте төмен көрсеткіш дейді, - мамандар. Балалар арасындағы семіздік, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысында жиі кездеседі. Дәрігерлер балалар арасындағы артық салмақ көптеген қауіпті сырқаттарға түрткі болатынын айтады.

"Семіздікке ұшыраған балалар олар жас қосқан сайын қант диабетіне шалдығады. Жұқпалы емес ауруларға төрт ауру түрі жатады. Ол қан диабеті, жүрек қан тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, өкпе аурулары", - дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанар Қалмақова.