Семейде ірі жол апаты болды

Семейде ірі жол апаты болды
Cурет: Аltaynews.kz

Апат салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді  


Семей полиция басқармасының хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы аспалы көпірде болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Аltaynews.kz-ке сілтеме жасап. 

Апатқа қалың тұман мен жолдың көктайғақ болуы себеп болған. Жеңіл көлік көпірде тайып кетіп, көпірдің қоршауына соғылған.  

Оның артынан келе жатқан көлік жүргізушісі соқтығысудың алдын алу үшін тоқтаған, бірақ көліктерін тежеп үлгермегендер оның көлігіне келіп соқтығысқан. Қазіргі көктайғақта көлікті тоқтату мүмкін емес.

Полицейлер апат орнында жұмыс істеп , оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.