Семейде полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды

Семейде полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, туыстарына тапсырды
Сурет: Polisia.kz

Баланың үйінен не себепті кеткені анықталуда

17 қаңтарда 102 жедел арнасына 39 жастағы жергілікті тұрғынның 13 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған қоңырауы келіп түседі. Оның айтуынша, бала үйден сағат 07:40-та мектепке қарай жол тартқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
  
Дабыл сигналы бойынша Абай облысы полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы көтерілді. 

Тәртіп сақшылары кез келген ақпаратты білуі мүмкін таныстары мен куәгерлерінен жауап алып, іргелес аумақтарды мұқият зерттеді. Әр аумаққа бөлініп, әр аулаға тінту жүргізді.

Іздеу барысында полиция қызметкері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы Мичурин көшесінен тауып, жеткіншекті анасына тапсырды. 

Оның үйінен кету себебі анықталуда.