Бақытжан Сағынтаев Есентай өзеніндегі жаңа терренкурдың бірінші учаскесінің дайындығын тексерді

Бақытжан Сағынтаев Есентай өзеніндегі жаңа терренкурдың бірінші учаскесінің дайындығын тексерді
almaty-akshamy.kz

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қалалық серуендеу аймағының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мегаполис әкімі Instagram-дағы аккаунтында құрылыстың кейбір тетіктерімен бөлісті.

«Есентай өзеніндегі жаңа қалалық променад ажарлана түсті. Бірінші учаскеде ұзындығы 1,8 км жаяу жүргіншілер жолын реттеу мен жағалауды бекіту жұмысы аяқталды. Есентай өзенінің арнасы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағының жалпы ұзындығы, су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейін 4,2 км», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, жағалауға жарық шамдары орнатылды, ойын және спорт алаңдары жасалды.

«Көгалдандыруды бастап, 3 мыңнан астам бұта мен 3 мың шаршы метр жуық жерге көпжылдық өсімдіктерді егеміз. Қарағай, шар тектес акация мен үйеңкі, арша мен лаванда ерекше микроклимат орнатып, ауаға фитонцид бөледі. Ағаштан жасалған 800 м жаяу жүргінші жолы мен 1,6 км тас жолы салынды», - деп атап өтті қала әкімі.

Бақытжан Сағынтаев өзеннің көру алаңдарын жасауды және экологиялық таза материалдардан жасалған  орындықтарды қою қажеттігіне назар аударды.

«Бұл жер алматылықтардың сүйікті орындарының біріне айналатынына сенімдімін», - деп жазды Алматы әкімі.

Қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинскаяның айтуынша, өткен жылы басталған жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы күрделі табиғи ландшафтпен күрделенген.

«Бұл жердегі Есентай өзенінің ағысы аса толқынды, әсіресе су тасқыны кезінде. Сондықтан, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев серуендеу аймағын ұйымдастыру және осы жердің табиғи ортасын барынша сақтай отырып, өзен арнасын нығайту міндетін қойды», - деп атап өтті Н. Ливинская әрбір бөлшек сарапшылармен мұқият талқыланатынын айтты.

Жаңа жобаның арқасында әл-Фараби даңғылынан Есентай өзенінің бұрын абаттандырылған жағалауы су бөлгішке дейін, ал болашақта одан да жоғары Медеуге дейін созылады.  Осылайша, қала тұрғындары ыңғайлы жағдайда қаладан тауға серуендей алады.

«Алматы өзендері - бұл қаланың бірегей қазынасы, біз олардың бойында азаматтардың белсенді және пайдалы демалуы үшін жайлы қоғамдық кеңістіктер жасаймыз. Егер қалада Есентай өзенінің жағалауы урбанистік сипатқа ие болса, онда біз Жамақаевтың үстіндегі учаскеде оны бүтін, үйлесімді түрде орнатылған орындықтар мен белсенді демалыс орындарын сақтауға тырыстық», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Қалалық кеңістікті дамыту жөніндегі сарапшы Дархан Тұртаев мегаполис үшін жаяу жүргіншілер аймағының дамуы маңызды екенін, өйткені олар оның әр түрлі бөліктерін байланыстырып, қалалықтардың өзара әрекеттесуіне көмектесетінін, оларды біріктіретінін атап өтеді.

«Үлкен қалада әр түрлі қоғамдық кластерлер бар, мысалы, тұрғындардың ішкі айналымы бар жеке сектор. Мәселе мынада, олар қаланың жалпы динамикасымен жақсы байланыспайды. Есентай сияқты жаяу жүргіншілер аймағын құру жаяу жүргіншілер қозғалысын дамытады, бұл жергілікті кеңістіктің дамуына оң әсер етеді», - дейді Д. Тұртаев.

Жаңа кеңістіктің негізгі функционалдығы – бұл жаяу жүру және спорт. Қосымша көгалдандыру оны жаңартуға мүмкіндік береді, ал стилистикалық таңдалған элементтер бірегей қоғамдық аймақты құрайды.  Уақыт өте келе жаңа терренкур тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар туристер үшін де тартымды  болады деп нық сенім білдірді  сарапшы.