Сағынтаев еліміздегі ЕҚҚДБ-ның басшысын қабылдады

Сағынтаев еліміздегі ЕҚҚДБ-ның басшысын қабылдады
Cурет: Алматы әкімдігі

Тараптар «Жасыл қала» іс-қимыл жоспарын талқылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев twitter-дегі парақшасына ЕҚҚДБ-ның ҚР-дағы басшысы Хусейн Өзханды қабылдағанын жазды.

«ЕҚҚДБ-ның ҚР-дағы басшысы Хусейн Өзханды қабылдадым. Алматы үшін «Жасыл қала» іс-қимыл жоспары талқыланды. Құжатта энергетика, құрылыс, қатты қалдықтар, сумен жабдықтау, жерді пайдалану, көлік секторын жаңғыртуды айтқанда, экологияны жақсарту бойынша жүйелі шаралар көрсетілген,-деп жазды қала әкімі.