Сайран су қоймасынан су жіберілуде

Сайран су қоймасынан су жіберілуде

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша Сайран су қоймасынан алынған су сынамаларының нәтижесінде лак-позитивті ішек таяқшалары нормасы деңгейінің артқаны анықталды. Осыған байланысты Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хатына сәйкес және СЭБД-нің нұсқауымен су қоймасынан суды толық көлемде жіберу туралы шешім қабылданды.

Судан толық босату үшін 2-3 күн кетеді. Алматылықтар мен қала қонақтарын алдағы күндері суға түсуден бас тартуын сұраймыз.

Ластану көзін анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін аудан әкімдіктерінің (Алмалы, Әуезов), полиция бөлімінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдерінің, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен экологтар арасынан жұмыс комиссиясы құрылды.

СЭБД мәліметтері бойынша, бұл кезеңде резервуар түбін биологиялық және химиялық тазалаудың қосымша арнайы әдістері қажет емес. Ластану көзі анықталып, арнайы комиссия жұмысы аяқталған соң Сайранға су қайта толтырылады.