Сайран көлі дронмен бақылануда

Сайран көлі дронмен бақылануда
Yvision.kz

Алматыда дронның көмегімен шомылуға тыйым салынған орындарға бақылау жүргізілуде. 

Құрылғының ерекшелігі – ол әуеден бақылап қана қоймай, сонымен қатар мұнда рұқсат етілмеген бөліктерде жүзгісі келетін Сайран көліне келушілерді қорқытатын динамик те қолданылады. 

«Бұрын Сайран көлін патрульдеуді 109 құтқару қызметінің құтқарушылары екі бағыт бойынша екі шағын кемелермен жүргізетін, сондай-ақ шағын кемелермен бақыланбайтын аумақта жағалау сызығын жаяу патрульдеу жүргізілді. Патрульдеу жиілігі әр 20 минут сайын ұзақтығы 40 минутқа  созылатын. Яғни ұзақ уақыт кететін. Енді бұл әдіс патрульдеу үшін ресурстарды тиімді пайдалануға, шомылуға тыйым салынған орындарды тиімді мониторингілеуге көмектеседі», – деп атап өтті ТЖД өкілі.

Шомылу маусымы басталғалы бері ТЖ департаменті, Полиция департаменті, РЖҚЖ және құтқару қызметінің 109 құтқарушысы, ҚР ҰҰ 5571 әскери бөлімі, еріктілер 300-ден астам бірлескен рейд жүргізіп, 4,5 мыңнан астам жадынама таратқан. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы («алкогольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке 270 мың теңгеден астам сомаға 19 адам тартылды. Жыл басынан бері Сайран көлінде екі адам суға батып, тағы алты адам құтқарылды. Куәгерлердің айтуынша, суға батып кеткен екі адам топ болып демалып, артынан ішімдік ішкен.