Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас директоры «жемқорлыққа жол берді» деген күдікке ілінді

Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас директоры «жемқорлыққа жол берді» деген күдікке ілінді
сурет:lt.baltnews

Антикор Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлерін ұстады деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Аlmaty-akshamy.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлеріне, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді.

Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жария етуге болмайды.