Сайлаушыларды концертпен қарсы алды

Сайлаушыларды концертпен қарсы алды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Оқушылар үйіндегі №456 учаскеде сайлаушыларды концертпен қарсы алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бұл сайлау учаскесі өзгеден ерекшеленді. Оқушылар үйінің балалары өнер көрсетуге шешім қабылдады. Оқушылар үйіне кіре берісте тәрбиеленушілер сайлау құрметіне концерт ұйымдастырды. Кіре берісте тақтайшаға «Сайлау қонақтары, қош келдіңіздер!» деп жазылды. Оқушылар жекелей өнер көрсетіп, көктем, жақсылық пен махаббат туралы хормен ән шырқады.
Сайлаушылар мен көшедегі адамдар концертті тамашалады. Тіпті, бір жас ана қызымен бірге би билеп, ән салды. 
Айта кетейік, сайлау учаскелерінің жабылуына екі сағаттай уақыт қалды.