Сайлауда онлайн дауыс беру жайы зерттеліп жатыр

Сайлауда онлайн дауыс беру жайы зерттеліп жатыр Сурет: Gov.kz

Бұл заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді.


Сайлауда Қазақстан азаматының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, онлайн дауыс беру мүмкіндігі зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты.


Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің жұмыс тобының мүшесі, Qamqor plus мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нияз Сүндеталиев қазақстандықтардың жекелеген санаттарына онлайн дауыс беру мүмкіндігін беруді ұсынды.



«Азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, онлайн дауыс беру механизмін әзірлеу және енгізу ұсынысы зерделенуде, ол заңнаманы өзгертуді талап етеді, оны бөлек пысықтау қажет», деді Анастасия Щегорцова.



Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жұмыс тобының мүшелерінен барлығы 30 ұсыныс түскен. Олардың кейбіреулері дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтауға, сондай-ақ сайлауды қамтамасыз етуге мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, еріктілер мен сурдоаудармашыларды тарту жөніндегі ұсыныстар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38