Сайлауда қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

Сайлауда қауіпсіздік қамтамасыз етіледі
Сурет: Qazaqstan.tv

Сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғам тыныштығын қадағалайды.

Еліміздің тәртіп сақшылары да бүгін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау күні 45 мыңнан астам полицей қоғам тыныштығын күзетеді. Олар сайлау учаскелеріндегі және көшедегі тәртіпті бақылайды.

Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі мәлім етті. Одан бөлек, дауыс беру учаскелеріне жақын аумақта күзет болады.