Сайлауда электронды құжатпен дауыс беруге болады

Сайлауда электронды құжатпен дауыс беруге болады
Сурет: Academy.kz

Бұл процесс «eGov» қосымшасы арқылы тексеріледі.

Енді сайлаушылар дауыс берерде құжаттың электрондық нұсқасын ұсына алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сандық құжаттар түпнұсқаның аналогы десек, сайлау учаскесіне келген әр азамат электрондық үкімет қосымшасы немесе отандық банктердің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық құжаттарды пайдалана алады.

Яғни, жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз немесе ұмытып кетсеңіз, электронды түрін көрсете отырып, дауыс бере аласыз.

Сонымен қатар егер сайлаушының тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болмаса, дауыс беру үшін сайлау учаскесіне тіркелуіне болады. Бұл процесс «eGov» қосымшасы арқылы тексеріледі.