Сайлау циклінің маңызды кезеңдері

Сайлау циклінің маңызды кезеңдері
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығының қорытынды брифингі.

Алматыда Алматы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Бақылаушылар мектебінің тренері – Қайыржан Әбдіхалықов пен Тәуелсіз бақылаушылар орталығының жетекшісі, Алматыдағы партиялық емес байқаулар орталығының өкілі – Александр Братенков сөз сөйледі.

 Александр Братенков өз сөзінде бұл сайлау циклін маңызды кезеңдерін ерекше  атап өтті.

«Осы жылғы сайлау өте жақсы ұйымдастырылды. Құқық бұзушылық жайттар орын алмады. Сайлау Алматылықтар арасында белгілі бір қызығушылық тудырдыдеп айта аламын. Мен сайлау белсенділігінің жеткіліксіз болуын кемшілік деп санаймын. Нақты себебін атау қиын, бірақ бұл дәліз 25-35% құрайды, біз байқаймыз, бұл тұрақты. Алматылықтардың неліктен белсенді емес екенін түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет», - деді А.Братенков.

Биыл сайлаудың ерекшелігі байқаушылар өте көп болды, өткен жылдары 3-7 адам болса, қазір кейбір сайлау учаскелерінде бақылаушылар саны 15-20 адамға жетті. Қазір бақылаушылар сайттардың жұмысын бақылауды жалғастыруда. Ол әрбір бақылаушыға еліміздің жаңа саяси мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

“Алдағы уақытта өтетін сайлауда да бақылаушылар мектебі құрылады деген үміттеміз. Сайлауға қатысып, дауыс берген азаматтарымызға алғысымызды білдіреміз. Саqлау әділ әрі ашық өткізлді. Шетелдік бақылаушыларда өздерінің жағымды пікірін білдірді”,-дейді Бақылаушылар мектебінің тренері – Бақылаушылар мектебінің тренері Қайыржан Әбдіхалықов