Сайлау - Наурыз сынды жаңарудың символы - сайлаушылардың пікірі

Сайлау - Наурыз сынды жаңарудың символы - сайлаушылардың пікірі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыдағы сайлау учаскелеріне таңертеңнен бастап түрлі кәсіптердің өкілдері дауыс беруде, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Дәрігерлер үшін ерте тұру - әдеттегі нәрсе. Денсаулық сақтау үздігі, "Алтын Дәрігер" төсбелгісінің иегері, жоғары санатты дәрігер-терапевт Шахизат Саржанова үнемі жеке пікірін білдіріп келеді.

 "Елімізде, атап айтқанда, Алматыда әлеуметтік даму, медицина саласында үлкен жобалар көзделген. Елімізде жаңа заманауи клиникалардың салу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, пациенттерге жоғары білікті көмек беру бәрімізге маңызды. Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін реформаларды қолдау, дауыс беру және өз таңдауыңызды жасау қажет", – деді белгілі дәрігер. 

Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Шахизат Саржанова Наурыз қарсаңында дауыс берудің символдық  мәні зор екенін атап өтті: сайлау, түркілердің көктемгі мерекесі  сияқты бұл сайлау да  жаңару мен жаңғыруды бейнелейді.