Сайлау күні 609 бала дүниеге келді

Сайлау күні 609 бала дүниеге келді
Сурет: Ашық дереккөз

Бір егіз өмірге келді

19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, оның ішінде 312 – ұл,  297 – қыз,  бір – егіз. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз! Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды», – делінген хабарламада.