Сайлау қазіргі заманғы демократияның маңызды институты

Сайлау қазіргі заманғы демократияның маңызды институты
Сурет: Qorda.kz

Елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтпек. Осыған қатысты ҚР Парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіптің пікірін білген едік.

Нұртөре Байтілесұлы, әкімдер сайлауын демократиялық қоғамға ілгерілеудің тағы бір сатысына балауға бола ма

Сайлау қазіргі заманғы демократияның маңызды институты, халықтың ерік білдіруінің көрінісі, олардың мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі формаларының бірі болып табылады.

Жаңа жағдайдағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін тікелей сайлау халыққа:

біріншіден, конституциялық құқықтарын толық іске асырудағы белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді;

екіншіден, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына сезімталдығын арттыруға ықпал етеді;

үшіншіден, «құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын толығымен іске асыруға;

төртіншіден, әкім лауазымына үміткердің мүмкіндіктері мен кәсіби қасиеттерін жақсырақ білуге мүмкіндік береді.

Осы талғампаз саяси технологиялық жаңашылдық арқылы келесі нәтижелерге қол жеткізіледі: халық өз үміттерін білдіре алады; сайлау арқылы жергілікті деңгейде билікке деген сенім деңгейі артады. Әкім қызметінің тиімділігі оның халық арасындағы легитимділік дәрежесіне байланысты. Жоғарыдан тағайындалатын әкімнің қабылдамауы азаматтар тарапынан оның жұмыс тәжірибесін, дәлірек айтқанда, оның ауылда болмауын, не оның өңірлік және отбасылық тиесілілігінен бастап шығуын сынға алумен қатар жүреді. Бұл біздің демократиялық қоғамымыз үшін тағы да бір үлкен жетістіктерінің бірі санаймын.

– Бұл үрдіс әлемде бар тәжірбие ме?

– Кейбір елдерде муниципалдық құрылымның басшысын (мэр, бургомистр, қала бастығы) халықтың өзі сайлайды. Бұл оның жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі берік позициясын айқындайды.

Сайлаудың бұл түрі, мысалы, муниципалитет халқы (бұл осы елдегі жергілікті басқарудың жалғыз деңгейі) префектіні (әкімді) тікелей сайлайтын Бразилияда қолданылады. Германиядағы муниципалитеттері қатарында (Бавария жерлері, Саксония) халықтың әкімшілік аппаратты басқаруды жүзеге асыратын және муниципалдық кеңестің төрағасы болып табылатын бургомистрді сайлауы көзделген. Канада, АҚШ-тың көптеген муниципалитеттері мэрларын халық тікелей сайлайды.

Бірқатар елдерде муниципалдық құрылымның басшысын қалалық кеңес депутаттары арасынан депутаттардың өздері сайлайды. Кеңестің өкілеттік мерзімі көбінесе мэрдің өкілеттік мерзімінен көп болады, оның үстіне бір адамды басшылыққа қайта сайлаудың саны шектеулі болуы мүмкін. Кеңестің елді мекендердің басшыларын сайлауы Австрия, Дания, Франция, Чехия, Испания сияқты елдерге тән. Бұл практика Латын Америкасы елдерінде (Мексика) де, сондай-ақ кейбір Африка мемлекеттерінде (Египет, Тунис) кең таралды. Жекелеген елдерде муниципалдық құрылым басшысын (кеңестің немесе тұрғындардың) сайлау тәсілі тиісті аумақтағы тұрғындардың санына байланысты. Мысалы, Венгрияда муниципалдық құрылымдардың басшыларын - бургомистрлерді – 10 мыңнан астам халқы бар әкімшілік-аумақтық бірліктердегі өкілді органдар (қалғандарында - тікелей халық) сайлайды. Осындай тәжірибе Еуразия құрлығының бірқатар елдерінде де бар. Мысалы, Ресейде, Болгарияда, Польшада және Грузияда.

– Қандай өзгерістер күтілуде?

– Сайлауды тағайындау, кандидаттарды ұсыну, оларға қолдау көрсету үшін қол жинау, кандидаттарды тіркеу, сайлау өткізу, дауыстарды санау және сайлау қорытындыларын шығару тәртібін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілген болатын.

ҚР Орталық сайлау комиссияның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда   2 346 әкім бар. Жаңа нормалар енгізілгеннен кейін олардың барлығы қолданыстағы өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған санаттағы 775 әкімді сайлау жоспарланып отыр.

Президенттік саяси реформалардың екінші және үшінші пакеттерін іс жүзінде жүзеге асыру басталды. Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлау өтеді деп күтілуде.

Өкілеттіктері 2021 жылы аяқталатын ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің ең көп саны:Қарағанды облысында (76), Шығыс Қазақстан облысында (73), Қостанай облысында (69), Ақмола облысында (67), Алматы облысында (66).

Сайлау 40 күн бұрын жарияланады, ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін 3 күн ішінде қорытынды шығарылады.Сайлау өткізілгеннен кейін 7 күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіреді.

Ауыл әкімі ретінде мемлекеттік қызмет туралы Заңның талаптарына сәйкес келетін жасы 25-тен Кіші емес ҚР азаматы бола алады. Бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

Ауылдық округ тұрғындары, әкім сайлаған азаматтар ретінде, жергілікті қоғамдастық жиналысында жұмысының қанағаттанарлықсыз нәтижелері, әдепсіз мінез-құлқы және басқалары үшін өз өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасауға құқығы бар. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама ресімделеді, ол тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қарауына жіберіледі. Мәслихат осы хаттаманың негізінде ауыл әкімінің өкілеттігін тоқтатуды қарау, оған сенімсіздік білдіру туралы мәселе қояды және көпшілік дауыспен шешім қабылдайтын болады.