Саят Медеуов: Халықтың тілеуінің арқасында аманбыз

Саят Медеуов:  Халықтың тілеуінің арқасында аманбыз
Сурет:Qazbrand.info

Мен қиналсам да, ел қиналмасын.

Жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсіп қалған Саят Медеуовтің беті бері қарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап.

 «Армысыздар! Қалдарыңыз қалай? Құдайға тәубә, бетім бері қарады. Ең бастысы, ешкімнің басында мұндай жағдай болмасын деп тілеймін. Менің басымда болғанына Құдайға шүкір. Осының бәрі менімен кетсін. Шыны керек, өткенде қатты ауырғанда да, осы жолы да Құдайдан бір нәрсені тіледім. Ата-анамның дүниеден осыны көрмей кеткендеріне шүкір деп. Енді сіздердің амандықтарыңызды тілеймін. Бір жағынан, қуансам, бір жағынан, мұңайдым. Өзгенің емес, менің басымда болғанына. Мен қиналсам да, ел қиналмасын. Халықтың арасында жүрген адамдармыз, халықтың тілеуінің арқасында аманбыз», – дейді әнші.