Саяси айла-шарғы болмауы тиіс

Саяси айла-шарғы болмауы тиіс
almaty-akshamy.kz

Қытай карантин талаптарын күшейткен елдерге қатысты үндеу жариялады

Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, елдер қабылдап жатқан коронавируспен күрес шаралары ғылыми негізделген және үйлесімді болуы тиіс. Сондай-ақ, адамдардың жүріп-тұруы елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпеуі керек, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған үндеу туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлім етті. Ресми өкіл баспасөз мәслихатында пандемия басталғалы Қытай COVID-19-бен күреске бағытталған халықаралық байланыстар мен алмасуларға белсенді қатысып келе жатқанын айтты.

Айтуынша, коронавируспен күрес жолында Қытай халықаралық қауымдастықтармен оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ынтымақтастық артты. Мао Нин елдегі эпидемиологиялық жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы айта келе, коронавирусқа қатысты ақпарат уақтылы, ашық әрі заңға сай таратылып жатқанын мәлімеді.

«Біз тұмау туралы (GISAID) жаһандық деректер алмасу бастамасы аясында Қытайдағы COVID-19 инфекциясының таралуының соңғы жағдайы бойынша вирустық геном деректерін жарияладық», - деді Мао Нин.

Сондай-ақ, сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бірнеше күн бұрын Қытайдың құзыретті органдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарымен бейне- конференция өткізгенін айтты. Екі тарап қазіргі COVID-19 жағдайы, медициналық емдеу, вакцинация және басқа да техникалық мәселелер бойынша пікір алмасты. Олар техникалық алмасуды жалғастыруға және жаһандық пандемияны тезірек жеңуде бар күшін салуға келісті.

Көптеген елдің денсаулық сақтау мамандары қазір Қытайда таралып жатқан COVID-19 штамдары бұрын басқа жерлерде табылғанын және планетаның кез келген жерінде жаңа нұсқа пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан қытайлықтар мен аталған елден келген азаматтардың кіруіне арнайы шектеу енгізудің қажеті жоқ.

Мао Ниннің айтуынша, Қытай барлық елде індетке қарсы шаралар ғылыми негізделген және үйлесімді болуы керек деп санайды. Саяси айла-шарғы жасау немесе кемсіту болмауы тиіс. Сонымен қатар адамдар қатынасы мен араласуы ынтымақтастығына әсер етпеуі керек.