Саябақтарда Әнұран шырқалады

Саябақтарда Әнұран шырқалады
Сурет: Data:image

Бүгінгі Рәміздер күніне орай алматылықтар мемлекеттік Әнұранды саябақтарда, сауда орталықтары мен қоғамдық кеңістіктерде тыңдай алады.


4 маусымда Алматы әкімдігінің бастамасымен сағат 13.00-де мемлекеттік Әнұранды қосу және орындау флешмобы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтарын осы акцияға қосылып, Әнұран шырқалған кезде барлық тәртіп ережелерін сақтай отырып, Мемлекеттік Әнұранды орындауға шақырады.


Қала тұрғындары Мемлекеттік Әнұранды саябақтар мен скверлерде, көшелерде, метро станциялары мен вагондар аумағында, СОСО, «Медеу» биік таулы кешені мен «Шымбұлақ» курорты, сондай-ақ «Көк Төбе» саябағында тыңдай алады.


Акцияның мақсаты — азаматтық пен патриоттыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіну.


Еске салсақ, Мемлекеттік Әнұранды көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар тұрып ән айтады (тыңдайды), ал Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды. Мемлекеттік Әнұран мәтіні мен музыкалық басылымға сәйкес мемлекеттік тілде орындалады.