Саябақта самокатпен жүрме!

Саябақта самокатпен жүрме! Сурет: Tengrinews.kz

Шектеу енгізілген жерлер анықталды.


Алматы қаласында қоғамдық орындарда қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін электрсамокатмен жүруге тыйым салынатын жерлер анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Кикшеринг компаниялары да шектеу енгізілген жерлерді анықтауға қатысты.


Олар:


Южный;


28 Панфиловшы;


Мәдениет және демалыс;


Тұңғыш президент саябағы;


ҚБТУ алдындағы және Северный скверлері;


Ботаникалық бақ;


Арбатта (Жібек жолы даңғ. Назарбаев даңғ Абылай хан даңғылына дейін);


Терренкур;


Ал Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Мақатаев көшесінде Чайковский және Желтоксан көшелерінің аумағында орналасқан скверде жылдамдықты сағатына 10 шақырымнан асыруға болмайды. Аталған аумақтарда және Төлебаев көшесінде электрсамокаттарды қалдыруға тыйым салынады.


"Шектеулер электросамокаттарды жалға беруші компаниялардың арнайы қосымшаларында көрсетілетін болады. Қолданушылар ережелерді сақтауы, адамдар көп жиналған орындарда үлкен жылдамдықпен жүрмеулері тиіс", - дейді әкімдік мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42