Сауда орталықтарындағы егу пункттері өз жұмысын бастады

Бүгін Алматыда сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарларда коронавирусқа қарсы вакцина егу пункттері ашылды. Олар жұмыстарын сағат 10.00-де бастады. Ерікті түрде екпе алушыларды жазба бойынша қабылдады.

«Москва» ойын-сауық орталығы жұмыс істемесе де, ондағы егу пункті де қызметін бастады. Күзет қызметіндегілер ғимаратқа тек вакциналауға алдын ала жазылғандар мен шақырылғандарды кіргізеді.
«Мәскеу» СОО егу пунктінің жауапты кезекшісі Гүлдана Төлешова атап өткендей, медицина қызметкерлері алматылықтарға сағат 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін екпе жүргізуді жалғастырады. Дәрігерлер Алматы қаласының №16 емханасына тіркелген азаматтарға алдын ала қоңырау шалды. Сондай-ақ, екпе алуға egov.kz арқылы жазылғандар да бар. Төрт сағат ішінде дәрігерлер 50-ге жуық адамға екпе салды. Ерікті вакциналау қызу жүріп жатыр. Оның үстіне, екпе алуға тілек білдірушілер көп.
Коронавирусқа қарсы екпе алған ең жас тұрғынның жасы 18-де болса, ең үлкені — 87 жастағы әжей.
«Егу пунктінде 2 терапевт-дәрігер мен медбикелер жұмыс істейді, адам саны көп емес, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған. Кезегін күтушілер бір-бірінен алшақ отырғызызылады. Барлығы алдын ала тіркеуден, содан кейін дәрігердің қарауынан өтеді, содан кейін барып, қарсы көрсетілімдер болмаса, пациентті емшара кабинетіне жібереміз», — деп түсіндірді егу алгоритмін Гүлдана Төлешова.
Екпе салдырғандардың арасында 72 жастағы зейнеткер, денсаулық сақтау саласының ардагері Наталья Михайловна да бар.
«Мен вакцина алу арқылы ғана иммунитетті қалыптастырып, осы инфекцияны жеңе алатынымызды жақсы түсінемін. Бір кездері әлем обаны, шешекті жеңгендей. Егер бәрі вакцина алса, коронавирусты жеңеміз», — деді Наталья Тихоновна.
Зейнеткердің жай-күйін тексергеннен кейін, процедуралық кабинетке шақырып, онда оған «Спутник V» вакцинасы салынды. Әжей өзін жақсы сезінетінін, әсіресе, егу пунктіне келгендердің бәріне түсінікті етіп түсіндіретін медицина қызметкерлерінің жұмысын ерекше атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 20 СОО мен базарлардың базасында қалалық емханалардан егу пункттері жұмысын бастады. Алматы тұрғындары екпе алуға egov.kz мобильдік қосымшасы, сондай-ақ, egov.kz электрондық үкімет платформасы арқылы жазылуына болады. Сонымен қатар, әдеттегідей, кез келген медициналық мекемеге хабарласуына мүмкіндігі бар.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *