Сауда орнынан 300-ден астам заң бұзушылық анықталды

Сауда орнынан 300-ден астам заң бұзушылық анықталды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Алтын Орда» ірі сауда орнының жұмысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сауда орнындағы түрлі тексерулер санитарлық, еңбек, өртке қарсы және салықтық бақылауға қатысты 300-ден астам заң бұзушылықты анықтады. 

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр сауда орнының қызметіне бақылау ұйымдастыруды тапсырды. Прокуратура, полиция, бәсекелестікті қорғау және қаржылық мониторинг агенттіктері, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құралған мобильдік топ барлық заң бұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар Алматы агломерациясында баламалы көтерме-тарату орталықтарын құру процесі жалғасады. 

Бұл «Алтын Орда» сауда орнының өңірлік деңгейде әрі бүкіл ел аумағы бойынша баға саясатына ықпалын азайтып, тиімсіз делдалдарды жоюға және сауданы оңтайландыруға мүмкіндік береді.