Сауда министрі қанттың бағасы туралы айтты

Сауда министрі қанттың бағасы туралы айтты Сурет: Gazeta.ru

Қант бағасы негізінен сұраныстың әсерінен көтеріліп кетті.


"Баға 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұр, бірақ 900 теңге деген бағаны көрген жоқпын", - деді Бақыт Сұлтанов. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz хабарлады.


ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елдегі қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдірді.



«Біз қант бағасын ақпарат жинау арқылы ғана бақылап, айналысып отырған жоқпыз. Өз басым жексенбі күні бірнеше сауда нысанына бардым. Әрине, баға құбылып тұр. Оны мен де растаймын. Қант бағасы негізінен сұраныс әсерінен көтеріліп кетті. Қазір жергілікті атқарушы органдармен бағаның ақылға қонымды болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді ведомство басышсы. Сондай-ақ, ол қанттың келісі 900 теңгеден сатылып жатыр деген ақпаратпен келіспейтінін айтты. «Баға 400 теңгеден 600 теңгеге дейін құбылып тұр. Импорттық қант деп жеке сатып жатқандар бар. Мен 900 теңге деген бағаны көрген жоқпын», - деді Бақыт Сұлтанов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37