Сауд Арабиясында мұнай базасына шабуыл жасалды

Сауд Арабиясында мұнай базасына шабуыл жасалды
Cурет: Qazaqtimes.com

Сауд Арабиясындағы энергетикалық нысандарға зымыран және дронмен шабуыл жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Соққы Сауди Арамко (Saudi Aramco) мұнай компаниясының Джидда қаласында орналасқан мұнай өнімдерін үлестіру станциясына берілді. Соның салдарынан екі қойма отқа оранған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазір өрт бақылауға алынған. Әзірге зардап шеккендердің бар-жоғы белгісіз. Шабуылды йемендік хуситтер ұйымдастырғаны анықталды. Айта кетейін, хусит бүлікшілері соңғы уақытта әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушысы саналатын Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасауды күшейте түсті. Осыған байланысты ресми әр-Рияд жуырда қандай да бір шабуылдан мұнай жеткізу ісінде іркіліс туған жағдайда ешқандай жауапкершілік алмайтынын жеткізген болатын.