Сауд Арабиясына отандық өнімді экспорттаушы компаниялар көбейген

Сауд Арабиясына отандық өнімді экспорттаушы компаниялар көбейген
Сурет: Ortcom.kz

Қазақстанның еті мен балына сұраныс бар.

Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық компания бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізілімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар», - делінген хабарламада.

Қазақстаннан Сауд Арабиясы Корольдігіне ет өнімдерін экспорттауға мақұлданған кәсіпорындардың тізімімен мына жерден танысуға болады.