Сауд Арабиясына кімдер бара алады?

Сауд Арабиясына кімдер бара алады?
Сурет: Tourdom.ru

Коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өткен туристік виза иелері Сауд Арабиясына карантинсіз кіре алады.

Әлемдік қажылық елі шетелдіктерге шекарадан өту ережелерін өзгертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

Ел аумағына мына  вакциналардың бірімен егілген саяхатшылар ғана кіргізіледі: Astra Zeneca, Pfizer, Moderna және Johnson and Johnson. Сонымен қатар, Sinopharm немесе Sinovac вакцинациясын алған туристерге де шекарадан өтуге рұқсат етіледі. 

Соңғы аталған вакцина түрлерін алған саяхатшылар ел билігі бекіткен төрт вакцинаның біреуін таңдап, қосымша доза алуы тиіс.