Сауд Арабиясы да қар астында қалды

Сауд Арабиясы да қар астында қалды
Сурет: Egemen.kz

Табиғат құбылды: шөлді жерге қар жауды

Сауд Арабиясының құмды шөлінде де табиғат құбылып, тосыннан таңырқатты. Құмды өлке жақында ғана қарға оранды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Аймаққа қар мен нөсер жауын жауғандықтан, Сауд Арабиясының жанындағы ландшафттар өзгеріп кетті. Бұл өзгерістер жергілікті тұрғындар арасында қорқыныш пен толқулар туғызып, әлеуметтік желілерде сенсация болды.  

«Бадр шөліндегі осындай қысқы ауа райы көптеген жылдар бойы байқалмаған, ол өте сирек құбылыс», - деп баға берді Сауд Арабиялық фотограф Усама Аль-Хабри. Табиағаттың бұл тосын мінезі «бұршақты тарихи дауыл» деп сипатталған.