«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен СҚО тұр

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен СҚО тұр
Cурет: Egemen.kz

Өңірлер бойынша эпидахуалды бағалау матрицасы

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: ешқандай өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.