Сарапшылар жекешелендіру ел экономикасының өсіміне кепіл болады деп есептейді

Сарапшылар жекешелендіру ел экономикасының өсіміне кепіл болады деп есептейді
Сурет: Qazaqtv.com

Қазақстанда жүзеге асып жатқан жекешелендіру саясаты ел экономикасының дамуымен қатар әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға сеп болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұл – отандық экономист Сапарбай Жобаевтың пікірі. Сарапшының пайымынша, активтерді бәсекелестік ортаға беру ШОБ-тың дамуына жол ашады. Жеке кәсіпке инвестиция көбірек тартылатын болады.

Өңдеу өнеркәсібі дамып, сала әртараптандырылады. Есесіне азаматтардың әл-ауқаты артып, жаңадан жұмыс орындары құрылады.

«Мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту оның тиімділігін арттырады», – деп санайды маман.

Бұл ретте жақында Мемлекет басшысының тиісті органдарға жекешелендіруді жүйелі және ашық жүргізіп, шешімдердің айқын болуын қамтамасыз етуді жүктеген тапсырмасын тілге тиек етті.

«Мұның барлығы, сайып келгенде, әлеуметтің әл-ауқатын асыруға жасалып жатқан игі қадам», – дейді экономист.

«Бүгінгі биліктің, Президентіміздің қадам алысы дұрыс. Себебі «Самұрық-Қазынаны» шектеп, жекешелендіру мәселесін қозғады. Дәулетті адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін талап етіп жатыр. Осы мәселені біз ақырындап жүзеге асырамыз», - экономист Сапарбай Жобаев.