Сарапшылар магистратура түлектерінің табысты болатынын анықтады

Сарапшылар магистратура түлектерінің табысты болатынын анықтады Сурет: Ilgiornaledelsalento.i

Магистрлар бакалаврлардан 35%-ға артық табыс табады. 


Қазақстандық сарапшлар арнайы жүргізген зерттеу нәтижесінде магистратура түлектері бакалавриат түлектерінен орта есеппен 35%-ға көп табыс табатынын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



««Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ЕРДО» АҚ) сарапшылары 2017 жылғы түлектердің зейнетақы аударымдарының мөлшері бойынша зерттеу жүргізді. Оның барысында оқуды аяқтағаннан кейін үш жылдан кейін магистратура түлектері бакалавриат түлектерінен орта есеппен 35%-ға көп табыс табатынын, ал ең жоғары жалақыны іскерлік әкімшілендіру магистрлері алатынын анықтады»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Зерттеулер ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 120 мың түлек туралы ақпараты негізінде жүргізілді, ол 2018 жылы университеттердің рейтингтерін жасау үшін, сондай-ақ олардың талданып отырған кезеңдегі зейнетақы жарналарын ескере отырып пайдаланылды.



«Түлектердің жалпы санынан 105,4 мың адам бакалавриатты, оның ішінде 77,5 мыңы күндізгі оқу нысанын, 13,8 мыңы магистратураны, 858 адам резидентураны және докторантураны аяқтады. Ағымдағы жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша, түлектердің жалпы санынан 286 адам қайтыс болды, ал 773-і Қазақстаннан кеткен болып саналады», – деп хабарлады ЕРДО болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.



Талдаушы оқушылардың көпшілігі бітіру кезінде жұмыс істеп үлгергенін атап өтті. Мәселен, 2016 жылы бакалавриаттың болашақ түлектерінің 44,3 мыңында (42%) зейнетақы жарналары болды, ал магистрлер арасында 8,8 мың адамда (63,8%) аударымдар болды.



«Осылайша, 53,7 мың адамда (44,8%) оқу аяқталардан бір жыл бұрын ресми жұмыс тәжірибесі болды. 2017 жылы бұл сан 78,4 мың адамға (65,3%), ал 2018 жылы 87,8 мың адамға (73%) дейін өсті. 2017-2020 жылдары 104,9 мың адамда немесе түлектердің 87%-ында оқу аяқталғаннан кейін кемінде бір рет ресми зейнетақы аударымдары болған», – деді Дмитрий Шумеков.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26