Сарапшылар КВИ пандемиясының жаңа толқыны болатыны туралы ескертті

Сарапшылар КВИ пандемиясының жаңа толқыны болатыны туралы ескертті
Сурет: Rorumdaily.com

Олар қатаң шектеулердің қажеті жоқ деп сендірді.

Pfizer компаниясының Бас директоры Альберт Бурла әлемге коронавирустық пандемияның жаңа толқыны болатыны туралы ескерткертті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде инфекция әлемнің түрлі аймақтарына тарала бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

«Бурла әзірленген препараттар аурудың қаупін азайтатындықтан, қазіргі уақытта қатаң шектеулердің қажеті жоқ деп сендірді. Ол әлемде екпе алған адамдардың үлесі өте жоғары екенін, дәрігерлер аурудың ауыр ағымының ықтималдығын едәуір төмендететін емдеу әдістерін әзірлеп шыққанын атап өтті»,- делінген хабарламада.

Джонс Хопкинс Америка университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының саны 548 миллион 828 мыңға жетті.

Вирустың әлемде таралуы басталғаннан бері COVID-19 инфекциясын жұқтыру салдарынан 6 миллион 338 519 адам қайтыс болды.

20 миллионнан астам инфекцияны жұқтыру жағдайы бар елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді.