Сарапшылар «ҚазМұнайГаз» акциясының IPO-дағы құнын 11,4 мың теңгеге бағалады

Сарапшылар «ҚазМұнайГаз» акциясының IPO-дағы құнын 11,4 мың теңгеге бағалады
Сурет: Kapital.kz

Сатуға 30,5 млн-ға дейін жай акцияларды ұсыну жоспарлануда.

ҚМГ бір акциясының құны 11 429 теңгеге бағаланып отыр. IPO-ға қатысуға өтінімдер қабылдау 9 қарашада басталды. Ол институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашаға, ал бөлшек инвесторлар үшін 2 желтоқсанға дейн жалғасады. Бұл туралы мамандар айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, сатуға 30,5 млн-ға дейін жай акцияларды ұсыну жоспарлануда, бұл шығарылған және орналастырылған акциялардың жалпы көлемінің 5%-ын құрайды.

"Біздің бағалауымыз өте консервативті және 2023 жылға дейінгі тұрақты мұнай бағасына негізделген. Содан кейін біз ішкі кіріске саламыз. Онда қазіргі уақытта қалыптасқан қолайсыз макроэкономикалық орта көрсетілген. ҚМГ-да қалыптасқан елеулі борышқа дисконттау ескеріледі. Осының бәрімен біздің консервативті баға-бір акция үшін 11 429 теңге. Біз акцияның құнына әсер етуі мүмкін болашақ факторларды болжай алмаймыз. Сондықтан акцияның көрсетілген құны 6-12 ай көлеміне бағытталған", - деп түсіндірді сарапшылар.