Сарапшылар Қазақстанның басты саяси партиясының атауы туралы пікірлерін білдірді

Сарапшылар Қазақстанның басты саяси партиясының атауы туралы пікірлерін білдірді Cурет: Qazaqtv.com

Nur Otan партиясының «Аманат» деп ауысуы – ұйымда болатын  ауқымды өзгерістердің басы ғана. Қазақстандық сарапшылар осындай пікірде.


Олардың айтуынша, партиядағы өзгерістерді оның басшылығының қоғам пікіріне құлақ асқандығын және халықпен диалог орнату жұмысын одан әрі жандандыруға ниетті екенін көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 



«Партияның мықты тұсы – оның институционалдық базасы, әрі электораты өте кең. Әлсіз тұсы – Nur Otan партиясының шектен тыс бюрократизациялануы және халықтың мүддесін білдірмеуі. Мұны қаңтар оқиғасы анық көрсетті. Енді партия мен саяси партиялар көбейеді деп ойлаймыз. Nur Otan партия мүшелерін сақтап қалуы және белсенді жұмыс істеуі үшін өз көзқарасын өзгертуі қажет», - дейді Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы Жұлдызай Ысқақова.



«Аманат» партиясы өз ұстанымдары мен жұмыс тәсілдерін жаңғырта бастағаны құптарлық іс. Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеевтің айтуынша, партия жұмысы коммуникацияны құрудан бастап, тиімді нәтижелерге бағытталуы керек.



«Қазір маңыздысы - партия мен электорат, орталық аппарат пен филиалдар, депутаттар мен халық арасындағы байланысты арттыру. Айтқым келгені, жұмыс саяси ұйымның атауы мен логотипін өзгертумен шектелмеуі тиіс», - дейді Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38