Сарапшылар COVID-19 маусымдық инфекцияға айналуы мүмкіндігін айтады

Сарапшылар COVID-19 маусымдық инфекцияға айналуы мүмкіндігін айтады
Сурет: Tourprom.ru

Оған вакцина таңдап, салдырамыз.

Роспотребнадзордың Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институтының директоры Василий Акимкин коронавирус инфекциясы маусымдық ауруға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

«Коронавирустың маусымдық разрядқа өтуі әбден мүмкін. Содан кейін біз жыл сайын тұмаудағы сияқты оған вакцина таңдап, салдырамыз», деді сарапшы «Жұқпалы аурулар – өзекті проблемалар, емдеу және алдын алу» VIII ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, қазір отандық ұлттық мәліметтер базасы қалыптасқан. Онда коронавирустың 130 мыңнан астам геномы бар. Бүгінде «Омикрон» штамының 45-тен астам мутациясы кездеседі.

«Әлемдік практикада тіркелген барлық генонұсқа Ресей аумағында болды. Алайда олардың тек екеуі – «Дельта» мен «Омикрон» ғана көп таралды», -деді Василий Акимкин.